Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1348
Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым,
Саған деген сағынышым тарқасын.
Мен қасыңда келе жатқан жоқпын ба,
Неден жаным, қорқасың?
Мен сен үшін шыға аламын майданға,
Мен сені іздеп таба аламын қайдан да.
«Сүйем деші...»
Ұяласың сен неден,
Аспандағы айдан ба?
Тұрсың қазір малынып кеп арайға,
Тек өтінем, ұялмашы, жарай ма?
Тек өтінем, қиялдашы, жарай ма?
Зерлі аспанда жымыңдаған жұлдыздар,
Куә болған талайға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері