Армансың сен, армансың

Бұл бетте «Армансың сен, армансың» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1746
Армансың сен, армансың,
Айсың маған көктегі.
Алғансың сен, алғансың,
Асылым боп тек менің.
Қайтем, жүрек ынтығып,
Қайтем, көңіл ауса егер.
Қара көзге нұр тұнып,
Шыдамымды тауса бер.
Илансаң да өзің біл,
Иланбасаң өзің біл.
Иманымдай сөзім бұл,
Менде азғана төзім жүр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері