Сұрғылт дүние – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сұрғылт дүние» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Аспан сұрғылт, көтерілген шаң шығар,
Қасым киген шинел ме әлде жайылған?
Онсыз дағы пәс көңілім жаншылар,
Жараланған солдаттан жоқ айырмам.

Ар жағында мен қағатын есіктің,
Отырған жан көрген бойда сұрланар.
Көктем шыға келмеген соң әрине,
Елеңдетпес соңғы жеткен тырналар.

Қонады деп таланттыға бақыт кіл,
Бақыт жайлы ерте берген бағамыз.
Хан базарда сұрғылт көйлек сатып тұр,
Көп оқыған елге сыйлы ағамыз.

Көшіп келген ағайынға жер бөлмей,
Әкімдері сұрғылт қана күледі.
Сұрғылт екен күлкі еткісі келгендей,
Мен жалдаған үйдің дағы реңі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрғылт дүние өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сұрғылт дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрғылт дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрғылт дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері