Кір түсірсең көңілге – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Кір түсірсең көңілге» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Бақшасынан бақыттың,
Ұшып келген кептердей,
Уысынан уақыттың,
Шығып келген көктемдей.

Тау көтерер қасыма,
Бір тау әкеп еккендей,
Күннен күнге биіктеп,
Бара жатсың көкке өрлей.

Білгің келсе жайымды,
Қайың қыздан сырымды ұқ.
Қарағайлар кәдімгі,
Тәңір берген шымылдық.

Алты ай бойы қар басып,
Жататұғын өлкеде.
Оттың емес адамның,
Мейіріміне жылындық.

Тауда отырған біздің жұрт,
Тағы тауға көшеді.
Адам түгіл малы да,
Таза жерге өседі.

Кір түсірсең көңілге,
Қалай сені сағынсам,
Солай ұмытып кетуге,
Дәрменім де жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кір түсірсең көңілге өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Кір түсірсең көңілге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кір түсірсең көңілге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кір түсірсең көңілге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері