Айналамда – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Айналамда» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Ауылыма барғанда анам шаттанып,
Жырғап қалад досым сырын ақтарып,
Ұзақ-ұзақ аңыз айтса абыздар,
Жеңгелерім жүр қазанға ас салып.

Кішілер жүр иба сақтап жол беріп,
Дейді ағалар:-жырың келед жөнделіп-,
Таныстарым топты ортада жолғасқан,
Кездескенде құрақ ұшад қол беріп.

Кей құрбым жүр көздеріне сыр тұнған,
Кейбірі жүр күліп қойып мұртынан.
Кейбіреуі көрмегенсіп өтеді,
Кейбіреуі ұзатады сыртымнан…

Мәңгілікке аттанды әкем ел көшпей.
Сол қасірет мен ешқашан жеңбестей…
Онан өзге…бір бейне бар: сол бейне,
Жабықтырып жүред жійі кездеспей!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері