Ұмыттырды бір адам – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Ұмыттырды бір адам» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Мейірімі күндей болып құлаған,
Өрлігімен, ерлігімен ұнаған,
Сағыныштың азабына шыдаған,
Маған сені ұмыттырды бір адам!

Ұмыттырып сені талай кетем дер,
Болып еді сері менен сетерлер.
Бірақ, бірақ шықпаған ед бір пенде,
Жүректегі орыныңды мекендер.

…Сол бір адам бұрды мені жолымнан,
Қолын созып жетеледі соңынын.
Қол ұстастым.сонан сендік сағыныш,
Сусып қана түсіп кетті қолымнан!…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері