Өлең, жыр, ақындар

Мен қандай күй кештім

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 920
Саған деген сезімді,
Бір жолата қырқуға бекідім де,
Тістеріме тісімді бастым қатты,
Жүздерімнен жосылып жасым ақты…

Сонда жүрек,
Қолға түскен шымшықтай шырылдады,
Мұздап кетті от денем жылынбады,
Мені кетті теңселтіп өкініштің,
Толқыны кеп кеудеме ұрылғаны.

Ешкімде кеп,
Ортақ бола алмады бұл сырыма,
Өзегімді жүрегім жұлқыды да,
Тасқа тиген әйнектей быт-шыт болды,
Тірлігімнің баянды шырқы мына!

Қайда отырмын,
Не істедім ұмыттым бәрі-бәрін,
Қансыраған жүректің қалі мәлім.
Күндіз-түні бір маза берсеңші деп,
Жүрегіме дамылсыз жалынамын.

Күрсінемін,
Бейне жалын аузымнан атылғандай,
Іштегі мұңым сыртқа шашылғандай.
Сөмкеде тұр,
Өз қолыммен жап-жаңа жыртқан хатың,
Әлі күнге сырыңды жасырғандай.

Мен тістендім,
Сезімімді бірақ та қырқа алмадым.
Хатты жырттым,
Жүрегімнен атыңды жырта алмадым.
Қиялдадым жазғырдым,аяладым,
Қара ормандай көп ойды құрта алмадым.

Күрсін хүрек,
Енді сені жазғырман күрсінді деп.
Пәк сезімді келмейді жоғалтқысы,
Қыршын арман,қыршын қыз,қыршын жүрек.

Хош дедім мен,
Қайталадым ішімнен тағы атыңды.
Көргім келді. бір жолата тауысып тағатымды.
Кеш сезгенсің жете алмай жүрсің білем,
Талдырған тағдыр сенің қанатыңды.

Бірде алыстап,
Бірде келіп қасыма тұр арманым.
Бұл қандай күй,
Қандай күйді кештім мен?
Біле алмадым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәлемдемең келіпті

  • 0
  • 0

Мен тарттым сағыныштың әлегін көп,
Ақ қайың тұрған шақта және бүрлеп.
Ағажан көктемдегі құспен бірге,
Сәлемдемең келіпті сәлемің жоқ.

Толық

Қырсығады екем

  • 0
  • 0

Мазасыз ойлар сен келсең сап тынады екен,
Қасыма менің кідіріп бақ тұрады екен.
Әуре болып несіне келдің дегенмен,
Көңілім сені көргенді жақтырады екен.

Толық

Сөкпе мені

  • 0
  • 0

Қан көшеде жолықсаң қарсы маған,
Көрмегенсіп өтемін бұрылмаймын.
Қайсар жанға айналам сонда ғажап,
Ғайып болып кетеді мұңым қайғым.

Толық

Қарап көріңіз