Көгінен құс кете алмай еру қонған – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Көгінен құс кете алмай еру қонған» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 515
Көгінен құс кете алмай еру қонған,
Түбіне ай жете алмай зәру болған.
Арна ғып таудың төсін жатқан көлдің,
Реңі тотияиын, дәмі зәмзәм.

Таңы қызыл шымылдық,кеші балдай,
Бұлт шөккен нар түйелі көші бардай.
Жүзіңді шарлып өткен салқын лептің,
Асырар әсемдігін сесі бардай.

Өзінде бар тірлігі бір ғаламдай,
Толқынды толқын қуған құр қалардай.
Бір көл бар өр алтайда қанас дейтін,
Тым терең, әрі бійік тұлғалардай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгінен құс кете алмай еру қонған өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Көгінен құс кете алмай еру қонған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгінен құс кете алмай еру қонған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгінен құс кете алмай еру қонған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері