Анамның дауысы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Анамның дауысы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1009
Анасының кенже қызы боп еркелейтұғын бұл дауыс,
Әкесі аитқан өлеңді естіп ентелейтұғын бұл дауыс.
Текті бір әулетке ұзатыларда сыңсу да аитқан бұл дауыс,
Әріптеспенен айтысып тойда олжалы қайтқан бұл дауыс.

Сегіз баланы өмірге әкеп әлдиге салған бұл дауыс,
Бір босағасы құлаған шақта хоштасып қалған бұл дауыс.
Оң жақты келін қызартқан кезде сыңғырлай күлген бұл дауыс,
Қыздарын алыс ұзатқан кезде жылай да білген бұл дауыс.

Немерелерін еркелетуден шаршамайтұғын бұл дауыс,
Ұрпағым аман болсын деп іштей қайталайтұғын бұл дауыс.
Кемшілігімді кешіре білген зекірмейтұғын бұл дауыс,
Дүние қанша құбылсадағы ескірмейтұғын бұл дауыс.

Пәниде мынау бірінші болып мені іздейтұғын бұл дауыс,
Баласы үшін шаршап шалдықтым дегізбейтұғын бұл дауыс.
Азанның дауысы сияқты ғажап тең келмес басқа еш мүлде,
Хабарласуға кезекте тұрмын, анамның дауысын естуге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анамның дауысы өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Анамның дауысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анамның дауысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анамның дауысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері