Мұңайма, жылама жаным – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Мұңайма, жылама жаным» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1547
Мұңайма, жылама жаным,
Бұл маңда жұбатпас ешкім.
Онсыз да қасіреті қалың
Мынау бір сұп-сұры кештің.

Қайтесің уайымға жүзіп,
Көз жасың көтермес оны.
Уақыт сызған бір сызық,
Емес ол маңдайдың соры.

Мағынасыз әуендей сөзің:
«Көремін, – дейсің, – бір жебе!»
Нүктеге қадалып көзің,
Сен іштей егілесің неге?

Өтінем, күлші бір мұңсыз,
Жүрген не еңсеңді езіп.
…Сен қайда барасың үнсіз,
Бейуаққы көшені кезіп?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері