Жалғыздық картинасы – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Жалғыздық картинасы» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 965
Түн өксіп ұзақ жылайды…
Парыз бен сүндет
Орындалмаған.
(Ол дағы ескі бір індет).

Менікі меңіреу үнсіздік.
(Жолы болмаған).
Қаланың о бір шетінде айғай-шу, дүрмек.
Көкжиектің де көрінбес көркем бояуы –
Желге ұшқан жалғыз қауырсын,
Тозған бір сурет.

Санада әбден сарғайған естеліктердің
өшкен оттарын үн-түнсіз отырам үрлеп.
Ескі қиялдың әлемін елес торлаған.
Жолдарды жұтқан жондардай қимылсыз, сұлық.

Көгершін түстес көңіл-күй құлпыра алмаған:
Түзге қараған терезе – әйнегі сынық.
Айналам толы есіктер. Ескі сарайлар.
Кілітсіз құлпы.
(Ешқайда жете алман жүріп).

…Бозамық айдың сәулесін көзімен жұтып,
Иесіз қалған күшіктер жатады ұлып…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері