Мінәжат

Бұл бетте «Мінәжат» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1034
…Үһілемеші бейуақта.
Әр сөз – әмір.
Ауыр.
Қорғасын!
Тәңір кешірмейді,
Кешпейді Тәңір,
Жауапсыз аққан көз жасын!

…Неге?!
Неліктен өзіңді қарғайсың?
Ұрлатқандай бабаңның бағзы мұрасын.
Ескі бәйіттерді
мың қайтара ақтарсаң да кезіктіре алмайсың,
Рухыңның дал-дұл болған дұғасын!

Өмір –
бар болғаны бір шумақ ақ өлең,
Өзің қоясың нүктесі мен үтірін.
…Алдыңда тұрған не қасқайып?
Тілсіз қара Емен!…

…………………………………………..

Тыңдашы, жүрегіңнің лүпілін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінәжат өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Мінәжат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінәжат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінәжат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері