Бұл бетте «Вокзал. Таң» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адамдар адасқан вокзал,
Ешкімнің жасына сенбес.
Қарсы алып алатын жандар,
Шығарып салуға келмес.
Пенделер тіл қатар сараң,
Жұбатпас бұлыңғыр көше.
Бүгін де адасып барам,
Мен онда адасқам кеше.
Қапаста құстар тұр небір,
Шыққысы келеді тордан.
Анау бір Алаңда шеру,
Е, оның бәрі де жалған.
Көзіме құйылған ғарыш,
Ол дағы жаралған мұңнан.
Мен сүйген сағыныш алыс:
Бейуақ сыңсыған нулар...
Ән салар Мұңлық пен Зарлық,
Ішінде дүбірлі көштің.
Тауларды тоздырар жаңбыр,
Бәрін де мүжіген өксік.
Шараппен тарқатып шерді...
Көңілім қалды бар жолдан.
Сен мені өксітпе енді,
Армандар адасқан вокзал.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі