Түн. Құлазыған бейне
Бұл бетте «Түн. Құлазыған бейне» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн. Құлазыған бейне.
Айнаның жүзінде сағым.
Екеуміз өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын.
Қиялдың қанаты талса,
Жабылар белгісіз бір есік.
Моладан бүр жарар арша,
Көлкіген көлеңкені кешіп.
Шыңғырар шытырман жолдар,
Үнсіздік өксіген сәтте.
Мүлгиді қап-қара орман,
Біз үшін жат енді ол әттең.
Күз бе бұл, яки көктем?
Даланы тұмшалар тұман.
Көмейде талықсып кеткен,
Ешқашан айтылмас бір ән.
Түн. Құлазыған бейне.
Жүзінде ескірген әжім.
…Біз неге өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі