Айқай

Бұл бетте «Айқай» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1975
(Қайрат Рырқұлбековтың жазылмаған жыры)

Ұлтым ұлық бола алмай, рухым көкке қона алмай,
Қара жерден қамығып мен де өттім, о, Алла-ай!—
Қайғымды айтып қайыңға.
Өкінішім — өткенім, өзегімді өртейді
Көкірегімде тұншыққан жалғыз айқай.
Сол айқай —
Азаттығым жайында...
Рухымды күйдіріп, ібіліске сүйдіріп,
Сайтан ойнақ секілді сақ-сақ қара түн күліп...
Қанатымды қайырған.
Ақ жүзінен қан тамған қылышыма серт еттім,
Құлағыма жеткенде шырқыраған мұңлық үн,
Баз кештіріп жанымнан.
Мынау ғазиз шаһарды шеру кезіп қаралы,
Аруақтар үні мен әуен билеп азалы—
Қыл қобыздың зарындай!
Сол әуенмен ілесіп рухым менің жаралы,
Көкірегімді күйдіріп көкке сіңіп барады,—
Лаулап ұшқан лағылдай...
Шерменде боп шежірем жатырмын мен шалқамнан,
Қарашығымның түбіне қасіретімнен қан тамған, —
Кек пен қарғыс — көзімде!..
Жарты әлемді шарпиды жаңғырығым, сезем мен,
Тас табыттың ішінен тағдырымды айқайлап
Түрегелген кезімде...

2006 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айқай өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Айқай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айқай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айқай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері