Із

Бұл бетте «Із» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 845
Таң рауандап атқанда бір бейне,
Азан дауысымен оянған.
Оның күллі болмысы таң нұрымен гүлденген,
Сонсоң, а-лы-ыс бір сапарға жол алған.
Секілді алып бір Бәйтерек бұтағы,
Шұбырған қап-қара жолдар тұр жалғасып.
Уақыт үн-түнсіз жұтады,
Бетіне басылған мезгілдің таңбасын.
Мәңгілік түгемес шөлдерден жол ұзап,
Тұманды дала бұл жатқан бір түс көріп.
Ортасын шиырлап жүреді ол ұзақ,
Ешкім де сызбаған шеңбер мен нүктенің.
Осылай бейуақта бір бейне,
Алыс бір сапардан қайтадан оралар.
Гүлденген болмысы өзгерер мүлдемге,
Бәрінен, бәрінен, бәрінен тоналар...

2007 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Із өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Із өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Із өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Із өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері