Ағаны аңсау – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ағаны аңсау» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.12.2015
  • 1
  • 0
  • 5602
Тоқсанға толған күніңде,
Тоғыса алмадың халқыңмен.
Көрісе алмадың дүние,
Дүрілдеп тұрған даңқыңмен.
Таусылды, тағат амалым,
Даусыңды ғана тыңдатып.
"Жоқ" деген қиын қамалдың
Ар жағынан үн қатып.
Ғайып боп ғажап кескінің -
Патшадай мүсін, ай маңдай.
Қағасың бұлдыр кешқұрым,
Ауаға жұпар жайғандай.
Қайтара алмай өзіме
Алланың қатал бұйрығын,
Көрінбей қалдың көзіме,
Айбыны асқар биігім.
Халықпен өмір бір кешкен
Даңғайыр, дархан данышпан.
Еңбегіңді айтып түгеспен,
Қадіріңді айтып тауыспан.
Сағындым мұңнан айықпай,
"Қасымда жоқ" деп ағам да.
Ескексіз мынау қайықтай
Қалтылдап тұрған заманда.
Баяны қысқа аз дәурен,
Өтерсің сен де біздерден.
Арыстандарды аңсаумен
Арыстарымды іздеумен.

1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаны аңсау өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ағаны аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаны аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаны аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері