Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда?

Бұл бетте «Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда?» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 826
Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда?
Қаптап тұр көз алдымда тозаң майда.
Тордағы торғайға ұқсап бұлқынумен,
Қанатын қыран көңіл жаза алмай ма?
Сабырым, айтшы, жаным, қайда менің?
Ауғандай жерде тұрып айға көңіл.
Түсініп жан-жүректі құлазыған,
Берсеңші қайратымды қайрап, елім.
Жасылды жастық шағым қайда менің,
Жанымның табар екем қайдан емін?
Кетті екен ойда жоқта кім бүлдіріп,
Ұйыған тыныштықтың айраны едім?..
Тапсам-ау өткен уақыт, күнге дерек,
Жалған сөз, жалған күлкі кімге керек?
Жел ұрып шайқалған көл көңілімді
Түсірші арнасына бірдеңе деп...
Керіліп көрінбей жүр ай да маған
Айдынды ақ сәулесі аймалаған.
Тұратын өз бойына тартып бәрін
Жер күшін қозғалмайтын қайдан алам?
Жауабын таба алмадым айналадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда? өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Япыр-ау, сабыр қайда, мазам қайда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері