Бұл бетте «Тау басындағы тас қыран» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.
Дауыл үріп қараспанның астынан,
Тығылады құз көзіне жас тұман.
Тұғырда бір тұрып қалған сияқты
Төніп қарап тау басынан тас қыран.
Жарқылдап қос жанарынан бір үміт,
Тас тырнағы тас тұлғаны тұр үгіп.
Найзағайдың оттарынан от алып,
Көк аспанға ұшатындай тіріліп.
Туған аспан күзетіп тау мекенін,
(Мекенінде сөз болып па жеке мұң).
Тау басында тас қыран тұр қасқиып,
Білмей, сезбей кәріліктің не екенін...
Бауырынан боялғандай тас қанға,
Қызыл түлкі уақытқа ұқсап қашқанда,
Ұшатындай боп тұрады көзіне
Таудың өзін бүріп алып аспанға.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі