Бұл бетте «Ағаш кескенде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көз алдымда түтін менен сол ұшқын,
Қасіретін еске салып соғыстың,
Кесті тірі аңыратып ағашты,
Кеңітуге жүретұғын жол үстін.
Жапырағынан жанбайды енді шамшырақ,
Жапырағына қарамаймын хал сұрап.
Ажал тауып жүзінен қол араның,
Ардагердей құлап жатыр қансырап.
Күрсінгендей мейірімге шөлдеп күн,
Тағдырына ортақтасып жер-көктің.
Жапырақтарын зар жылатып біреулер,
Қолыменен қиып жатыр жендеттің.
Жапырақ — қозы көгенделген желіге
Уақыттың жамыраған желіне.
Жолын біреу кеңейтем деп бір күні
Қиып шетке тастар ма екен мені де?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі