Бұл бетте «Жалғыз қайық» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қамшылаған өкпек желдің өтінде
Жағалауға шағала боп жетуге
Жалғыз қайық келе жатыр қалтылдап
Көкшіл шәйі, бұйра толқын бетінде...
Жайма-шуақ аспан көзін сырға орап,
Келе жатыр ескек ескен бір қонақ.
Толқындарын сүйетіндей теңіздің,
Таңғы күннің күміс нұры сырғанап.
Теңіз жатыр торғын толқын ораған,
Шымыр-шымыр тұла бойға тарап ән.
Қалықтаған шағалаға ұқсайды
Қыз қолымен желпіген ақ орамал.
Шағалалар ұшар бауыры жарқылдап,
Шексіз-шетсіз көк теңізді алқымға ап.
Жағалауға жету үшін асығып,
Жалғыз қайық келе жатыр қалтылдап..
Көкірегін сағыныш, мұң жаулаған,
Өзі де бір табиғаттан аумаған.
Келе жатыр ескек ескен жолаушы
Көздерінде аспан-теңіз аунаған!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі