Ақ шапанын қайтер екен тау енді –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Ақ шапанын қайтер екен тау енді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.
Ақ шапанын қайтер екен тау енді,
Көшпелі бұлт кернеп кетті әуемді.
Тамылжытты көктем құсы тамшыдай
Мен айтсам-ау деген сыршыл әуенді.
Мен көктемнен өмір күттім, сыр күттім,
Үмітпенен өте берді сырғып күн.
Тісін жарып келе жатқан жапырақ
Белгісіне ұқсайды екен тірліктің.
Көпті көрген Алатау тұр ой бағып,
Көкірегіне ұйып мұнар, майда бұлт.
Туған жердің бір шетінен орын ап,
Ақын жатыр жермен бірге айналып...
Қоңыр самал сүйіп қоңыр бетімді,
Ойға мені жетелейді не түрлі.
Ақын жаны күн көзімен көз ашып,
Бәйшешек боп өсіп тұрған секілді...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі