O, неткен әдемі сөз әйел деген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «O, неткен әдемі сөз әйел деген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған әйел туралы өлең берілген.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1086
O, неткен әдемі сөз әйел деген,
Секілді ақын жазған аяулы өлең.
Жылынып нәзік сезім жылуына,
Қалғымай жол үстінде ояу келем.
Ұйқымнан ол желпісе оянар ем,
Қанатын балапандай саялар ем.
Көгілдір құпиялы көкжиекті
Ашылған қарсы алдымнан әйел – әлем.
Қандайсың, бір қарап-ақ алар біліп,
Ұнасаң, қабақ беріп, қарар күліп.
Әйелге ұнамайды жүрегі жоқ,
Жасанды, жаны ұсақтау жаман жігіт.
Әрбір тал кірпіктері арайды ілген,
Арайдан ақ сәулені тараймын мен.
Дүниеге жаны нәзік ақын көзі
Әйелдің көзіменен қарай білген.
Сезгенге құдіретті сөз әйел деген,
Аспанға әр түн сайын айы өрлеген.
Кішкентай әйелдің от құшағынан
Ашылған арман әлем, аяулы әлем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері