Ағалар – Адырбек Сопыбеков

Бұл бетте «Ағалар» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2990
Тың даланы түлетті,
Шөл далаға гүл екті.
Қажымас құрыш білекті –
Осылар біздің ағамыз.

Кенді де іздеп табатын,
Әдемі үйлер салатын.
Айға да ұшып баратын –
Осылар біздің ағамыз.

Бақытты туған баламыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Осындай біздің ағамыз,
Өскенде сондай боламыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері