Күнбағар – Адырбек Сопыбеков

Бұл бетте «Күнбағар» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2207
Бақшада биік
Күнбағар өсті.
Күн нұрын сүйіп,
Құлпыра түсті.

Күндіз кеп көрсең,
Әдемі көркі.
Басында әсем
Сап-сары бөркі.

Қарайды күнге
Балбырап, балқып.
Ал енді түнде
Кетеді қалғып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері