Өлең, жыр, ақындар

Намаз заман

Уақыты бұзылып жүр намазымның,
Қаншама рет намазды қаза қылдым.
Тарқағаны осы ма базарымның,
Дүниеге ауғаны назарымның.

Намаз ол бұйрығы бір Алланың,
Таң намазға дайындалып тұра алмадым.
Өзі болдым тісі кеткен бұранданың,
Қалайша бұған ауырмай тұрар жаным?

Алдында рас Алланың айыптымын,
Жүзімнен нұр барады тайып бүгін.
Дей алам ба: «жұмаққа лайықтымын!»
Бұның бәрі белгісіз ғайып-білім.

Үрейде бар ішімде үмітте бар,
Жан болсам өзгеге күліп қарар.
Жүретін сайтани үгіттен әр,
Намазбен толтыратын жүрекке нәр.

Жөндей алмай жүрмін мен намазымды,
Қаншама рет намазым қаза болды.
Жүрекке тыныштық емес, маза кірді,
Бұның бәрі көңілімді аза қылды.

Бір күні бітер менің заманымда,
Тоқтайды жүрегімде, амалымда.
Тергелер оқыған әр намазымда,
Қорқыныш бар, үрей бар жанарымда.

Білмеймін молаға асығам қай?
Күш кетіп бойдағы рух жасығандай.
Періштелер Қияметте құты қалмай,
Жатады екен сәждеден басын алмай.

Бетке алып адастым жалған ізді,
Жолға ермей Пайғамбар салған ізгі.
Болармыз күнәмен орға жүзді,
Аямаса, құтқармаса Алла бізді!

30.09.23



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асыл анам

  • 1
  • 0

Асыл анам!
Жалғыз менің жұбанышым.
Өмірімнің сарқылмас бұлағысың.
Бір мезет көрмесем дидарыңды,
Сағыныштан азынап тұрады ішім.

Толық

Белгісіздік

  • 0
  • 0

Болашақ расымен белгісіз,
Оны ойлап, көңіліме келді сыз.

Қасиеттен жұрдай болып адамдық,
Молаға кірпіш болып қаландық.

Толық

Тілек

  • 1
  • 0

Болашақты ойласам, қамығамын,
Өткен күнді толғасам, сағынамын.
Жалғыз ғана Алладан пана тілеп,
Жалғыз ғана Аллаға табынамын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар