Жанартау / Төлеген Айбергенов
Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.
Жалғанда жан едің ғой өр тұлғалы,
Тамырым алпыс екі солқылдады.
Айбергенов бабама жыр жазғасын,
Көңілдің толқып жатыр толқындары.
Шығарған шын мықты деп төбесіне,
Жырыңның кім шыдайды жебесіне.
Қараша қанат беріп ұшырған ұл,
Айналды қара өлеңнің төресіне.
Тұрғызып тұнық жырдың керегесін,
Демедің, халқым маған не бересің?!
Аспанын шартараптың шарлап жүрғой,
Төлеген Айбергенов деген есім.
Жолына күл шашсада жасымаған,
Қолына пұл тиседе тасымаған.
Өлеңге қаншалықты адал болса,
Өмірге соншалықты ғашық адам.
Басына туғанда да азалы күн,
Басқаға мойын бұрмай жазады ұлың.
Ол сенің- ақ қағазға адалдығың,
Ол сенің- қара өлеңге тазалығың.
Бір АЛЛА сыйынарың төбеңдегі,
Жырыңа күллі қазақ елеңдеді.
Ғұмырың келте болып қалғанменен,
Тұғырың төмендемес өлеңдегі.
Ерекше жаратқасын расында АЛЛА,
Еліктеп өстік сіздей асылдарға.
Ел үшін жазғандарың ескірместен,
Есімің жетеді ата, ғасырларға.
-
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі