Төлеген Айбергеновқа арнау – Жарылқасын Нұрдәулет

Бұл бетте «Төлеген Айбергеновқа арнау» атты Жарылқасын Нұрдәулет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақын атам өлең, жыр мұзбалағы,
Сізге арнап жас балаң жыр жазады.
Таусылмайды мәңгілік өзің құйған,
Мөлдір таза маржандай жыр аралы.


Мүсіндей тастан құйған жартас кеуде,
Салмай көз, Төлегенім ақын бейне.
Алдырмас аламанға кер дүлділдей,
Жас шағың жалындайды маған кейді.


Түйгенің көп ойыңды баурайды арман,
Қарсы алардай сол күндер сеніде алдан.
Тұнық оймен қайғы жеп толғанасың,
Айыра алмай қайсы рас, қайсы жалған.


Тасытпасын, асыртпасын жасында,
Қарапайым болмысы тек қасында.
Ақындығын адамдыққа бойлатқан,
Ұлысың сен бір туатын ғасырда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері