Астанаға сәлем де – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Астанаға сәлем де» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 1
  • 2763
Аттанарда ауылдан
Қарап едім әжеме:
─ Қош тұр, ұлым, бар жылдам,
Астанаға сәлем де! —
Деді ол, күлді кей кісі,
— Үлкен адам бала енді!
Ұлы мұнда, әжесі
Кімге айтып тұр сәлемді!
— Астана да ана ғой,
Сәлем айтпан мен нағып?
Осы біздің балларды
Жатқан жоқ па сол бағып?!
— Дұрыс, дұрыс, — десті жұрт
Күліп тұрған әуелде,
Тұрды қос сөз естіліп:
«Астанаға сәлем де!»


Пікірлер (1)

Нұргүл Құмарбек

Өте керемет. Бұл жерден іздегеніңді өте, тез табасын.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері