Нан – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Нан» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5042
Жүзім пісті күзде,
Жей бер алып, үз де.
Алма пісті күзде,
Жей бер алып, үз де.
Қауын пісті күзде,
Жей бер алып, үз де.
Бидай пісті күзде,
Жей алмайсың, үзбе.
Бидайдың көп ісі,
Кірісер сан кісі.
Комбайншы орсын,
Шофер тасып болсын,
Диірменші оны тартсын,
Наубай нан қып жапсын,
Дүкеншіге берсін...
Сонда барып жерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері