Өлең, жыр, ақындар

Даналық пен балалық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 9312
Сәуір ғажап,
Сәуірдегі гүл ғажап.
Сыбыр-сыбыр,
Күбір-күбір жылға жақ.
Жасыл көктем,
Сары күзден жаралған
Әрі бала,
Әрі дана бұл қазақ.
Күз алдында
Көктем біраз именген,
Именген де,
Келін болып үйге енген.
Ол кездері алпыстағы дана қарт
Он бестегі бала қызға үйленген.
Көзіне жас,
Көмейге сөз кептеліп
Тұрған жасты,
Жас демелік — от делік.
Әр заманның өз заңы бар,
Қайтесің,
Оның үшін атамызды сөкпелік.
Рас, рас!
Солай едік кеше біз.
Өткен солай неше көктем,
Неше күз.
Әйел болып,
Әйелдікке түсінбей,
Ойнап жүрген он бестегі шешеміз.
Шет жағасын көріп қалған кәрі анаң
Өткен күнге осқырынып қараман.
Талай қазақ
Алпыстағы қарт пенен
Он бестегі жас анадан тараған.
Мен бұл ойды тапқан жоқпын көшеден.
Алдым оны шежіре күн — кешеден.
Даналығың — алпыстағы әкеңнен,
Балалығың — он бестегі шешеден!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даналық пен балалық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Даналық пен балалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Даналық пен балалық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даналық пен балалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері