Кетпеннің өкпесі – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кетпеннің өкпесі» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2220
Егеумен егеу керек,
Көсеумен көсеу керек.
Тырмамен тырмала,
Араменен арала...

Ал кетпенмен шабады,
Сонда қалай болады?
Кетпенменен кетпенде
Дейтін ешбір жоқ пенде.

Неден екен айыбым?
Істер ісі бәрінің,
Өз атымен аталған.
Мен-ақ қалған қатардан, –
Әлек салды:
– Кем еткен
Неге мені?! – деп кетпен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері