Таптық біздер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Таптық біздер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1646
Бірімізді-біріміз білмесек те,
Батыл кірдің үйіме бір кезекте.
Құлай тыңдап сөзіңді мен де бірден,
Тарта бердің өзіңе ер көңілмен.
Қысылсам да мен ептеп алғашқыда,
Саған деген сенімім жалғасты да,
Жүректердің жалынын жақтық біздер,
Бірімізді-біріміз таптық біздер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері