Ей, бейшара! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ей, бейшара!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1289
Ей, бейшара, танымасаң кісіні,
Мен боламын жолбарыстың күшігі.
Сен боласың салпаң құлақ есектің
Арам қанды, адам тектес пішіні.
Мен емеспін сеніменен еншілес,
Саудагерсің сұмпайымен көршілес.
Тор тоқымай тұра алмайды өрмекші,
Боқ шоқымай қарға көңілі көншімес.
Құс баласы ұясында жатады аз,
Қаңқылдаумен күн өткізер ата қаз.
Көкке ұшуға жазбаған соң жаратқан,
Көлшігінде малтығанға бақа мәз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері