Ояну – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ояну» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1139
Таң шапағы шашырап,
Жанарыңда жарқ етті.
Арамыз тез ажырап,
Тәтті сәтті тәрк етті.
Өкпеледік бұртиып,
Тілдеп тосын бұ шақты.
Кетер, сірә, кім қиып,
От оранған құшақты?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері