Жазу мен жану – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жазу мен жану» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3244
Қарындашқа жолығып,
Шырақ айтты бірде кеп:
– Тұрмын көріп торығып,
Таусылыпсың мүлде, – деп.

Кереқарыс кезіңде,
Көрген едім жасыңда.
Бір тұтам боп өзің де
Қартайыпсың, расында.

Деді сонда қарындаш:
– Жаза-жаза қартайдым.
Сен де маған қарайлас
Болыпсың ғой, айтарым.

Таусылыпсың дедің ғой,
Таусылыпсың өзің де.
Сен де мендей едің ғой,
Сонау жылдар кезінде...

Шер тарқатты досына:
– Жанып бітсең сен дағы,
Өмір деген осы да,
Жазып біттім мен дағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері