Шырша қаншада? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Шырша қаншада?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2612
Жапырақ сарғайғаны –
Қартайғаны.
Қара шаш ағарғаны –
Қартайғаны.
Боз жусан қарайғаны –
Қартайғаны.
Осыдан байқағаны:
Тек қана жасыл шырша
Өң беріп қартаймайды.
Қанша жас жасағанын
Ешкім де айта алмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері