Рақмет, көлеңкем – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Рақмет, көлеңкем» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1421
— Мен келгелі пунктке
Үш сауымы биенің.
Қайда жүрдің күндікке,
Бар ма істер бір емің?? —
Деп Әбдікен ақсақал,
Жетектеді құлынды.
Жымиды да жас Сапар,
Екі жеңін түрінді.
— Кеше әлгі Жұманның
Тебеген көк қасқа аты.
Мүлде мұның тұяғын
Екі бөліп тастапты.
Сайлап құрал-жабдығын
Кірісті ол қол сыбап.
Арасында әлгінің
Дайын болды сом тұяқ.
— Міне, жігіт өнері,
Рақмет, көлеңкем!
Күттіруің көп еді,
Бітіруің тез екен!
Көпке дейін көзін сап,
Дәрігер арттан қарады.
Шал соңында құлыншақ
Желе шауып барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері