Мұнайлы менің мекенім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1870
Армысың,
Атырау іргелім –
мұнайлы жерім, мұңды елім,
арын күй, асқақ жырлы елім,
шырайлым едің, құнды едің,
батырлар жортқан құм, белім!
Бетке алып аптап салқынын,
бейнетке қақтап әр күнін.
Батырлық жұлдыз тақпай-ақ
намысын бермей халқының,
тыным таппаған жарты күн.
Қара май сорған балтырын
асыл ағалар, армысың!
Армысың, інім жарқыным!
Ғасырды сүйреп сындардан
барады жылжып жыл – жалған.
Күбімен майды теңдеп ап,
түйемен тасып қырлардан,
үмітін арбап нұрлы арман
бабалар өткен бұл маңнан.
Бұрғылап сорды сұрланған,
құмдарды кезіп шыңдалған
мұнайшы біздің ағалар
қасқайып талай сынды алған!
Майданға беріп мұнайын
Ескене, Ембі – шырайым.
Жарқырап кеше тұрды алдан
Байшонас, Қошқар, Бекбикем,
айырылып асқар тұлғаңнан,
орныңда бүгін құм қалған.
Әділетсіз не еткен бұл жалған!
Тереңде тұнған мұнай көп,
төбеңде тұрған құдай көп.
Көп құдай жүрген жерлерде
тұнықтан гөрі лай көп.
Қызылды көрсе, жем жерге
құзғындар қаптар, құмай жоқ.
Ұластырып таңға түндерін,
сүйретіп жүз жыл сүлдерін
жер астын сүзіп жүрді елім.
Рахат көрмей байлықтан,
жоқтықтан жасып, қаймыққан,
жұтуда әлі түн демін.
Осылар жүдеу жанымды
жегідей үгіп жүр менің.
Мұнайлы елім – ертеңім,
шұрайлы жерім – желкенім.
Ту ұстар әлі-ақ ұлдары
Махамбеттер өскен өлкенің,
толтырып орнын келтенің,
уақыттан алар ел кегін,
жайнайды сонда ертеңің!
Жарқыра бүгін, еңселім,
халқыңа күш бер, бер сенім!
Қуатын шашсын көңілге
«Сарыарқа» менен «Серперің!»
1999


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнайлы менің мекенім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мұнайлы менің мекенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мұнайлы менің мекенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұнайлы менің мекенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері