Танк – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Танк» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2397
Соғыста сонау бұрқанып,
Селдеткен оқтың нөсерін.
Минскіде тұр танк
Ортасында көшенің.
Алыптай оның түр-түсі
Соғылған болат темірден.
Жеңістің осы жыл құсы
Қалаға тұңғыш көрінген.
Көйлегін бұлғап ту қылып,
Қалпағын доптай лақтырып.
Көшеге шыққан күллі жұрт
Қарсы алып оны аптығып.
Жылжиын алға десе де
Жібермей жұрттың толқыны.
Тұрып бір қалған көшеде
Ескерткіш болып ол тірі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері