Құс секілді құба даусын құлатып – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Құс секілді құба даусын құлатып» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Болашаққа біздер солай жол алдық,
Аппақ,адал сезімдерді обал ғып.
Бұлдыр-бұлдыр елестерді қуалап,
Бұйра-бұйра бұлтқа сіңіп жоғалдық.

Сезбеппіз-ау! көктем ғұмыр өткенін,
Күтіп жүріп саралақаз жеткенін.
Буаз бұлттар қарындарын сүйреткен,
Ақ жауынаға айналып бір төкпедің.

Біздің солай екі айрылған жолымыз,
Тағдырдан ғой бағымызда,сорымыз,
Қолын бұлғап әлсін-әлсін шақырат,
Сағынышқа толы күз...

Біздер мәңгі жолықпайтын шығармыз,
Көңілмен бір толықпайтын шығармыз,
Үміттердің шамы қалғып кеудеде,
Үнсіз іштен тынармыз.

Бұла-бұла сезімдерді обал ғып,
Қобалжыдық қорқынышқа тоналдық.
Құс секілді құба даусын құлатып,
Құрақ-құрақ бұлтқа сіңіп жоғалдық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері