Төлеген Айбергеновқа арнау
- 1
- 0
Ақын атам өлең, жыр мұзбалағы,
Сізге арнап жас балаң жыр жазады.
Таусылмайды мәңгілік өзің құйған,
Мөлдір таза маржандай жыр аралы.
Бұл бетте «Мұқағали Мақатаев Арнау» атты Жарылқасын Нұрдәулет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақын атам өлең, жыр мұзбалағы,
Сізге арнап жас балаң жыр жазады.
Таусылмайды мәңгілік өзің құйған,
Мөлдір таза маржандай жыр аралы.
Әлемнің тұнық ойы боп келеді,
Әр жыры өр кеудеге от береді.
Сөзінен тәлім алып ойға салып,
Даналарды мақтаудың жоқ керегі.
Алаш ұлы ақиқатқа сөз берген,
Мына әлемде адамдарда өзгерген.
Тәрбиесіз, құндылықсыз болмайды,
Құндылықты түсінетін кез келген.
Тәуелсізбін, тәуелсізбін білемін,
Солғой менің бар арманым тілегім.
Көк туымыз желбіресін биікте,
Елім үшін мәңгі соғар жүрегім.
Жалғанда жан едің ғой өр тұлғалы,
Тамырым алпыс екі солқылдады.
Айбергенов бабама жыр жазғасын,
Көңілдің толқып жатыр толқындары.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі