Өмір

Бұл бетте «Өмір» атты Қадыр Мырза Әли жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4859
Қызғыштай қорып өңірді
Кездерің, ұлым, жортатын.
Қиыны қиын өмірдің,
Түгі жоқ бірақ қорқатын.
Кез болған
Дала,
Қалаға
Пулемет ажал боратқан.
Әкеге бала,
Балаға
Әкесі көздеп оқ атқан.
Кез болған
Үйің
Құтханаң
Құлаған,
Шөгіп тіреулер.
Аузынан тіпті шықпаған
Сөз үшін күйіп біреулер.
Сөнді деп сенім шырағы,
Жүрегің неге қозғалған?!
Бір әйел емес,
Бір ауыл
Еркексіз қалған кез болған.
Кез болған
Табын-табыннан
Тігерге тұяқ қоймаған.
Кез болған
Шалдар қағынған
Қаралы қызбен ойнаған.
Киімім жыртық демегін,
Болсын да түгел жан аман.
Көйлегің түгіл,
Денені
Кезіміз болған жамаған.
Жоқтау боп кіріп ән үйге,
Жылаған жас та,
Кәрі де...
Құлыным,
Мынау фәниде
Бәрі де болған,
Бәрі де!
Әйтсе де
Құшақ жайсаңдар,
Жетеді көңіл шуағы.
Жақсылар мен жайсаңдар
Күресу үшін туады.
Қызғыштай қорып өңірді,
Кездерің ұзақ жортатын.
Қиыны қиын өмірдің,
Түгі жоқ бірақ қорқатын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері