Екі түрлі – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Екі түрлі» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Екі түрлі неліктен аспанымыз?
Бір жұмыр жер емес пе басқанымыз.
Көңілдегі сезімдер егіз болып,
Қосылмай жүр, қалайша бастарымыз?

Тоғыспадық жолдардың торабында,
Ұштаспаған ойлардың орамы да.
Сезімдер де еріксіз, көзден ғайып,
Жасырынған тұйықтық қорабында.

Тәуекелді тұсаулап қорқынышқа,
Сабырлықпен көмулі сағыныштар.
Ымыраға келмеген ымдасулар,
Жүректерді өртеген қабыныстар.

Екі түрлі неліктен аспанымыз?
Қосылмай ма дәл қазір бастарымыз!
Әттеген-ай болмасын соңғы сөздер
Ақ шалғанда уақыттан шаштарымыз.

Ержан Қабышұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар