Еңбек

Бұл бетте «Еңбек» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1599
Таңмен тұрып таласып,
Шиқылдайды торғай да.
Жасыл қырдан әрі асып,
Ұшып кетті ол қайда?

Жеген астың бәрі адал,
Еңбек етсең жан қинап.
Бір тынбайды аралар,
Гүлге қонып бал жинап.

Қарсы қимыл қиынға,
Ол – еңбек қой, ұқса кім!
Жаңғақ жинап тиін де,
Жаз ойлап жүр қыс қамын.

Дән шығарды дөңбекке,
Құмырсқа да тырбанып,
Баулы өзіңді еңбекке,
Осылардан үлгі алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңбек өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Еңбек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңбек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Адис өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңбек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері