Қазақтың бақ жұлдызы – Жамбыл Дүйсенұлы

Бұл бетте «Қазақтың бақ жұлдызы» атты Жамбыл Дүйсенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Елім деп еңіреген қайран ерім,
Қашанда қазақ қамын ойлап едің.
Ұйқыда жатқан ұлтты «маса» болып,
Оятып, азаттыққа қайрап едің.

Қайрап ең адамдыққа, білімге үндеп,
Тұтатып ар-намыстың шоғын үрлеп.
Түрмеге, айдауға сап «көре алмастар»,
Тірлікте тыным бермей, жүрді күндеп.

Жаныңа жағып күйе қаралады,
«Халықтың жауысың» деп табалады.
Басыңа пәле төнген қиын шақта,
Араша болуға ұлтың жарамады.

Сорың да, бағың болған қазағыңа,
Ұлт үшін күресте түстің өмір азабына
Ар үшін шыбын жанды құрбан етіп,
Төзгенсің НКВД азабына.

Жайратты адасқан оқ, тиіп саған,
Естимін жан айқайын, күйіп барам.
Өмірден ұлт деп өткен ер Ахмет,
Қашанда сенің орның биік маған.

Әлихан, Міржақыптай саңлақтарым,
«Нәубет жыл» қойды жұтып, жалмап бәрін...
Алашта арда туған ақиық асылдарым.
Қорған боп жатсын ұлтқа рухтарың!

Тағдырдың тартқан талай тауқыметін,
Қазақтың бақ жұлдызы – Ахметі.
Мерейтойлық тойыңда тілейміз біз,
Алланың болсын қорған құдіреті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың бақ жұлдызы өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Дүйсенұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың бақ жұлдызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың бақ жұлдызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Дүйсенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың бақ жұлдызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар