Кешіре гөр, хан ием! – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Кешіре гөр, хан ием!» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1037
(Абылай хан аруағына)

Кешіре гөр, хан ием,
Кешіре гөр, хан ием!
Жеттім саған кешігіп.
Сыбырладым сыртыңнан,
Сыр айтпадым шешіліп.
Үмітімнің қанаты
Қайта-қайта кесіліп.
Түсі суық сұр заман
Тұрып алды өшігіп!
Кешіре гөр, хан ием!
Атамадым атыңды,
Оқымадым хатыңды.
Тарландарым тал түсте
Тіл қата алмай атылды.
Тұқымы асыл нәсілді
Тұңғиыққа батырды.
Қайран халқым
Қамығып,
Қан жұтты да қапылды!
Кешіре гөр, хан ием!
Шер құштырдым қыранды,
Желге ұштырдым мұраңды.
Аяқтамай тастадым,
Айта беріп бір әнді...
Ақтамадым антыңды,
Сақтамадым құранды.
Көзім жұмып қарадым
Келешекке күмәнді.
Кешіре гөр, хан ием –
Мәртебеге мәңгі ием!
Қасиетті халқына
Қайтып келген әулием.
Естілгенде хабарың,
Босағандай жан-жүйем.
Бір басыңнан кетпесін
Бар құдірет, бар киең!
Кешіре гөр, хан ием!
Идім саған басымды,
Төктім саған жасымды.
Өрекпіген көңілім
Өртенді де, басылды.
Жазған жырым–ақ моншақ
Саған қарай шашылды.
Ұлы тіреу өзіңсің
Ұстап тұрған Ғасырды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіре гөр, хан ием! өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Кешіре гөр, хан ием! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіре гөр, хан ием! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешіре гөр, хан ием! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері