Сенің жасың емес пе екен? – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Сенің жасың емес пе екен?» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Аспан маған аңтарылды,
Ал, сезімім қаңтарылды.
Жүрек!
Қалай көтересің,
Тастан ауыр қанша мұңды?
Біте ме деп мына дастан,
Сәлден кейін жылады аспан.
Аспан менен мендік мұңға,
Жан болмады құлақ асқан.
Аспанменен бір жыладым,
Күрсіндім мен.
Тұнжырадым.
Бағым болып келдің-дағы,
Сағым болып бұлдырадың.
Сен болған соң сөздің басы,
Төгіледі... көздің жасы.
Көктемді айтып қуантшы бір,
Өткенді енді сөз қылмашы.
Сол күндер-ай!
...басталмақ-ты ән,
Көңіл қалды қашқан бақтан.
... Күмістейін мөлдір тамшы,
Құлап жатыр аспан жақтан.
Сен де бақпен теңес бекем,
Сені көзге елестетем.
... Көктен тамған мына тамшы,
Сенің жасың емес пе екен?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің жасың емес пе екен? өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сенің жасың емес пе екен? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің жасың емес пе екен? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің жасың емес пе екен? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері