Бұл бетте «Кірпі» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жортса – дала, орман кең,
Көп жәндіктің бірі еді.
Сырты түрпі болғанмен,
Жұмсақ еді жүрегі.
Қасиетке құлқы жоқ,
Қалай жағар пендеге?
Жиырылса кірпі боп,
Сөз етеді ел неге?
Құт қашырар қабарса,
Бұл адамның сыры не?
Тікендері қадалса,
Тексіздердің тіліне...
Қасиетін байқарсыз -
Жүр ол жүкті мол артып.
Қорғануға қауқарсыз,
Көп сорлыдан ол артық.
Атағы жоқ ұранды,
Тым биікте тұр бірақ.
Өзі өлтірді жыланды,
Арқасына ұрғылап.
... Бағалама, қарап ап,
Түрі менен әріне.
Қорқауларды, жараған,
Шабақтауға әлі де...
...Көрінгенмен сыртының,
Тікені көп көзіңе.
Жарасады кірпінің
Кірпілігі өзіне.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі