Құмырсқа мен Ибраһим пайғамбар – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Құмырсқа мен Ибраһим пайғамбар» атты Алма Түсіпбекова жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1039
Сен өмірде көріп пе едің құсаны,
Сені өмірде толқытты ма құс әні?
... Тірілерге тағылымы тым терең,
Айтайын ба мысалы?..
Серік етсең шаттық пенен күлкіні,
Қаулап өсер көңіліңнің бүртігі.
... Серуен құрған Ибраһим пайғамбар,
Құмырсқаға жолығыпты бір күні.
Шағылмаған ешбір жаннан тауаны,
Мынау еді пайғамбардың сауалы:
- Ей құмырсқа!
Бағыт алдың қай жаққа,
Сауалымның болар ма екен жауабы?
Бейнет кешіп келесің-ау лайым,
Аузыңдағы тамшы су ма, құдайым!
Тамшы судың не қажеті болды екен,
Екінші бір сауалды да сұрайын!
Еңбекке әр кез ауатұғын ауаны,
Былай болды құмырсқаның жауабы:
-Залым Нәрмуд Ибраһим иемді,
Алаңдағы отқа апарып салады!
Пайғамбарға тәу етуші ем қуанып,
Естігенде қалдым мұны қуарып.
Алаңдағы алаулаған сол өртті,
Сөндіруге кетіп барам су алып.
-Күнін кешіп көрмеп едім кесірдің,
Күліп қойсам, сен құмырсқа, кешіргін.
Тамшы сумен алаңдағы алауды,
Қалай ғана келеді екен өшіргің?
-Имандылық түсіп жатыр талауға,
Шамам менің жетпесе де алауға,
Жетіп жатыр жалғыз тамшы
Дегенмен
Ниетімді білдіруге жарауға!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмырсқа мен Ибраһим пайғамбар өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Құмырсқа мен Ибраһим пайғамбар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмырсқа мен Ибраһим пайғамбар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құмырсқа мен Ибраһим пайғамбар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері